Устав

Астана қаласы әкімдігінің

2015 жылғы  «___»________
№ _________ қаулысына
қосымша


Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының
жарғысы

1.    Жалпы ережелер


1. «Астана қаласының Туризм,  дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «№ 1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы әкімдігінің 20__ жылғы «___»__________ № _____________ қаулысына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) болып қайта аталды.
2. Кәсіпорын жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
3. Кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) болып табылады.
4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын әкімдік жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
 6. Кәсіпорынның  орналасқан  жері:  Қазақстан Республикасы,  010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Ә. Жангелдин көшесі, № 9а.

2.    Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

7. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
8.  Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.
9. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

10. Кәсіпорын мемлекет пен қоғам қажеттіліктерімен анықталатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында құрылған.
11. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мен міндеттері уәкілетті орган белгілейтін спорт түрлері бойынша, спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
12. Кәсіпорын алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
1) тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарта отырып, денені сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;
2) спорттық резерв дайындауға;
3) спорттық, соның ішінде халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге;
4) спорттық-бұқаралық және спорттық оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыруға және өткізуге;
5) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
6) оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін жаттықтырушыларды тартуға;
7) спортшыларды дайындайтын өзге спорт ұйымдары жұмысының озық тәжірибесін зерртеуге және оны бапкерлердің жұмысына енгізуге;
8) Қазақстан Республикасында және шетелде жаттықтырушы-оқытушы құрамының біліктілігін арттыру, дайындау және қайта дайындау бойынша шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;
9) спортшылар мен жаттықтырушылар үшін медициналық, психологиялық, педагогикалық, профилактикалық және басқа да қалпына келтіру іс-шараларын өткізуге;
10) оқу-жаттығу үдерісі, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар барысында спортшылардың жазатайым оқиғалардан сақтандыруын қамтамасыз етуге;
11) мектеп спортшыларын медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге;
12) бұқаралық ақпарат құралдарында дене тәрбиесін және спортты насихаттауға құқылы.
13. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі осы Жарғыда белгіленген, оның мақсаттарымен және міндеттерімен, сондай-ақ Кәсіпорынға уәкілетті орган арқылы жеткізілген мемлекет тапсырыстарымен анықталады.
14. Кәсіпорын осы Жарғыда белгіленген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
15. Кәсіпорын басшысының Кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылады, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

4.    Кәсіпорынды басқару

16. Әкімдік:
1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
           2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға өкілеттік береді;
3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
4) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
5) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.
17. Уәкілетті орган:
1) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
2) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
3) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландыратын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;
         4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді.
18. Кәсіпорын басшысы оның атқарушы органы болып табылады.
19. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
20. Уәкілетті орган Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Републикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы рәсімдейді.
Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақтылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.
21. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
22. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
23. Кәсіпорынның басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзіретіне сәйкес дербес шешеді.
24. Кәсіпорын Басшысы:
1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді; 
3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) банктік шоттар ашады;
6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады. 
Басшының ұсынымы бойынша уәкілетті орган қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы осы Жарғыда белгіленеді;
8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас (аға) бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;
9) өзінің орынбасарларын және бас (аға) бухгалтерін қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін уәкілетті органға кандидатуралар ұсынады;
10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзіретін белгілейді;
11) уәкілетті органның келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5.    Кәсіпорынның мүлкі

25. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
26. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
27. Кәсіпорынның мүлкі:
1)  оған меншік иесі берген мүліктің;
2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады. 
28. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
29. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы Жарғыда өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтық табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
30. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудан түскен кірістер, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тәртіпте меншік құқығын алу үшін Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.
31. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгерімінде бекіткен сәтінде туындайды.
32. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
33. Кәсіпорын мүлкіне жедел басқару құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 33-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
34. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, әкімдік Кәсіпорыннан бекітілген мүлікті алып қоюға, не оны өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
35. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын, өзіне бекітіліп берілген мүлік иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, дебиторлық берешекті әкімдіктің жазбаша келісімімен ғана беруге және есептен шығаруға құқылы, осы Жарғының 36-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда.
36. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
37. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде әкімдік Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін  белгілеуге құқылы.


6.    Кәсіпорының қызметін қаржыландыру

38. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.
39. Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін аудару нормативін әкімдік белгілейді. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке аударылуы тиіс.
40. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады. 
41. Кәсіпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе әкімдік белгілейді.

7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

42. Кәсіпорынның жарғылық капиталы жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға меншік иесінен алынған мүліктен қалыптасады.    

8.    Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

43. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органның келісімі бойынша қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
44. Кәсіпорының жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды. 

9.    Кәсіпорынның жауапкершілігі

45. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша әкімдік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

10. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

46. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес айқындалады.
47. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

11.     Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

48. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын әкімдік белгілейді. 
49. Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

12.     Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

50. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату әкімдіктің шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін. 
51. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
52. Несие берушілердің заңды талаптарын қанағаттандырғаннан соң қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін әкімдік қайта бөліп таратады. 
Таратылған Кәсіпорынның қаражаты, соның ішінде несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан соң қалған Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде түскен қаражат жергілікті бюджет табысына есепке алынады.
 

13.     Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

53. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды әкімдік енгізеді.

                   __________________________________________________________                             




001 002

003

 

:

 

tur_sport   logo   astana   egov
Сайт Министерства культуры и спорта Республики Казахстан   Управление физической культуры и спорта города Астаны   Сайт акимата Астаны   Электронное Правительство Республики Казахстан