Астана қаласында көркем гимнастиканың даму тарихы

Астана қаласы көркем гимнастикасының даму тарихы 1956 жылы Целиноград қаласына бөлу бойынша  Адриан Эльза Андреевнаның келуімен басталады. Болашағында өзінің нәтижелі жұмыстарына, тәрбиеленушілерінің жақсы көрсеткіштеріне лайықты Қаз ССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушы атағы берілді. Ол Целиноград обласының  бірінші КСРО Спорт шебері, яғни Орта Азия Республикаларының және Қазақстанның І Әйелдер Спартакиадасының (Душанбе қаласы, 1968 жыл) және сол жылы Қаз ССР құрама құрамында Киев қаласында өткен Бүкілодақтық Жасөспірімдер Ойындарының қатысушысы Омарова Ляйлим Хакимқызын тәрбиеледі.
Еліміздің құрама командасына кірген жүлдегерлері мен чемпиондары Адриан тәрбиелеген Нейвгерт Фрида, Федонина Елена, КСРО құрама мүшелерінің Спорт шеберлері Янчукова  Светлана, Беккер Татьяна, Лапшина Ольганың жетістіктеріне қала бірнеше рет куә болды.
 Янчукова Светлана КСРО командасын шетелге Халықаралық турнирлерде Польша, Болгария және басқа елдерге таныстырды.

90-шы жылдары қаланың БЖСМ көркем гимнастика бөлімінің мықты жаттықтырушы құрамы  С.Д.Красникова,  Л.Х.Омарова, В.Г. Широкорадова, Е.Лоншакова, О.И.Доспанова, Е.Есикова елдің және халықаралық турнирлердің жүлдегерлері мен чемпиондарын     тәрбиеледі. Олар:   СШ Сүлейменова Гүлмира, ХДСШ Мерцалова Юля ( 1996 ж. Азия Чемпионатының топтық жаттығуларында қола жүлдегері),  ҚР ХДСШ  Красникова Аида ( Азия, ҚРЧ, ҚР Кубогының чемпионы, 2001 ж. Қазақстан халықтарының I Спартакиадасының жеңімпазы, ҚР ұлттық құрама құрамының ХТ жүлдегері, Әлем Кубогының қатысушысы, 1998 ж. Жапония қаласында, 2001 ж. Испанияда ӘЧ – 6 орын, 2003 ж. Венгрия ӘЧ – 9 орын, 2003 ж. Жапонияда Клубтық ӘЧ, 2002 ж. Азия Ойындарының күміс жүлдегері).
Оның табысын ҚР ХДСШ Майя Зайнуллина және Айдана Каулдашева жалғастырды. Олар ҚР ұлттық құрама құрамында Мәскеу қаласында Жастар Ойындарында, Әлем Кубогы этаптарында, 2006 ж. Азия (Үндістан) және 2006 ж. Катарда Азия Ойындарының чемпиондары ел намысын қорғады.    

Майя Зайнуллина – 2006 ж. АЧ секірме жіппен жаттығуда күміс жүлдегер, 2003 ж. Венгрия, 2005 ж. - Әзірбайжан, 2007 ж. - Грекия ӘЧ қатысушысы.

ҚР СШ Хамзина Мадина (жаттықтырушы Л.Х.Омарова, С.Д. Красникова) ХТ, «Дети Азии» 1-ші Халықаралық жарыстарының (Якутия – көпсайыстан күміс жүлдегер) бірнеше дүркін жүлдегері болды.

Алябьева Анна 1993 ж.т. (жаттықтырушы С.Д.Красникова) 2004-2008 жылдар юниорлар арасында ҚР чемпионы, 2009 ж. Әлем Кубогы жарыстарының финалына қатысушы, Халықаралық жарыстардың Гран-Приді ұтып алды. Ол 2009 ж. Францияда Әлем Кубогында шеңбермен жаттығуда күміс жүлдеге ие болды, ХДСШ нормативін орындады. Анна Ресейде «Новогорск» базасында Ресей құрамасымен 2009 ж. Әлем Чемпионатына және 2010 ж. Азия Чемпионатына дайындалады, сонымен қатар Англияда 2012 Олимпиада Ойындарына ҚР намысын қорғауға дайындалуда. 

Скорикова Екатерина 1996 ж.т. – юниорлар арасында 2009 ҚР Чемпионы, Якутияда 2008 ж. «Дети Азии» Халықаралық жарыстарының жүлдегері, юниорлар арасында Азия Чемпионатына және Олимпиадалық Балалар Ойындары 2011 ж. дайындық жүргізуде.

Астана қаласында көркем гимнастиканың тарихына үлкен үлес қосқан бағдарламаның күрделі түрлерінің бірі – топтық жаттығулар жұмысы.     Енді міне бірнеше жылдар бойы ел чемпиондары, Қазақстан халықтарының II Спартакиадасының жеңімпаздары (Омарова Айгүл, Питерщикова Юля, Лесина Оля, Бекбосынова Ғайни, Киприянова Наташа, Котлабаева Рита, Ильмиенко О, Вотчел Марина).
Серикбаева Динара ҚР құрама командасының құрамында топтық жаттығуда 2009 ж. Санкт-Петербург Кубогының финалында шеңбермен жаттығуда 6 орын иеленіп, ҚР ХДСШ нормативін орындады, 2009 ж. Японияда топтық жаттығулармен ӘЧ дайындалып жатыр.
Қазіргі уақытта мектепте 6 жаттықтырушы жұмыс істейді, барлығы дене тәрбиесінен жоғары білімді, барлығында СШ атағы бар, соның ішінде жас маман  Красникова Аида ХДСШ.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы:   
С.Д. Красникова (12.08.1956 ж.т.) жоғары санатты жаттықтырушы, СШ, ССС Халықаралық категориясының төрешісі, 2000 жылдан бері ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы, 2 жоғары білімі бар, ҚР Халықаралық Дәрежедегі Спорт Шеберлерін дайындады (Мерцалова Юляны, Красникова Аида, Зайнуллина Майя, Каулдашева Айдана, Серикбаева Динара, Алябьева Аннаны) және көп ҚР СШ, ҚР чемпиондары мен жеңімпаздарын, ӘЧ қатысушыларын, Азия және Азия Ойындарының чемпиондарын дайындады.
(Целиноград БЖСМ жаттықтырушы Адрианның тәрбиеленушісі).
 

№1 БЖМОРСМ  директоры                                С. А. Шарипов

: