Спорттық бидің даму тарихы

Спорттық би 1970 жылдан бастап Целиноград қаласында дами бастады. Басында бұл би ұжымы Пионерлер Үйінде болатын. Қалада біртіндеп бидің спорттық клубтары пайда бола бастады. 2009 жылы Астана қаласында Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасымен №1 БЖМОРСМ –де спорттық би бөлімі ашылды. Мектепте 5 жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді. Мектеп оқушылары спорттық биден ҚР Чемпионаттарына қатысты. 2009 жылы Чемпионат жүлдегерлері - Тарасов Ярослав, Федорова Анна (ҚР жасөспірім құрамы), Ельжанов Дамир, Ассалауова Асель (ҚР жастар құрамы) болды, 2010 жылы ҚР оқушыларының 5 Жазғы спартакиадасында Ашенов Нариман, Алдашева Аружан 1орын иеленді, Штефырца Иван и Белькова Виктория – 3 орын, Бегленова Айдана, Исин Рустам 2 орын иеленді, командалық қорытынды орын – 5; ҚР Ашық Біріншілігінде Мурат Наргиз және Сеудуали Макталбек 1 орынды иеленді. 
2002 жылы біздің мектептің жаттықтырушысы әрі спортшысы Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы Түсіпбекова Алия Азия Чемпионатының үшінші жүлдегері болды. Түсіпбекова Алия Майданқызы Қарағанды қаласында  1980 жылы 16 наурызда туылған. 5 жасынан бастап Қарағанды қаласының Пионерлер сарайына бимен шұғылдануға барды.
Қазіргі кезде қалада «Астана қаласының спорттық би Федерациясы» біріктіретін 18-ден астам спорттық клубтар мен студиялар жұмыс істейді. 
Қазіргі уақытта №1 БЖМОРСМ спорттық би бөлімінде А.М.Тусупбекова, М.М.Тусупбекова, Д.И.Стариков, А.В.Старикова, И.В.Холмецкая деген жаттықтырушы-оқытушылар жұмыс жасайды.
Жыл сайын олар халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарға жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындайды.
Үздік спортшылар – Исин Рустам – Бегленова Айдана, Билкасумов Юрий – Алшинова Камила, Ашенов Нариман – Алдашева Аружан, Тілеубергенов Ельдан – Кереева Адель.   

:

 

tur_sport   logo   astana   egov
Сайт Министерства культуры и спорта Республики Казахстан   Управление физической культуры и спорта города Астаны   Сайт акимата Астаны   Электронное Правительство Республики Казахстан