Спорттық гимнастиканың қалыптасу тарихы

Спорттық гимнастиканың тарихы Целинаград облыстық Білім басқармасы кезінен 1968 жылдан басталды. Спорттық гимнастикадан сабақтар сол жылдары аға жаттықтырушы И.С. Житницкийдің басшылығымен өткізілді. Жаттығулар бұрынғы № 7 ОМ (қазіргі кезде арнайы мектеп-интернат) базасында бірнеше ай ғана өткізілді. Сосын «Динамо» стадионынан спортшылар үшін зал бөлінді. 1988 жылы БЖОРСМ құрылысы басталды, ал 1989 жылы күнделікті көп еңбекті талап ететін сабақтар басталды. Мектеп тұрақты қызмет істеді және Спорт Шеберлерін дайындады. БЖОРСМ болғалы жылдар ішінде Спорт Шеберлері – О. Куликова, О. Алехина, И. Бериханова, В. Коноплицкий, А. Латынина және көптеген Спорт шеберіне үміткерлер дайындалды.
Қазіргі уақытта спорттық гимнастика бөлімінде жұмыс істейтін жаттықтырушылар – бөлімнің аға жаттықтырушысы В.Н. Латынина, сондай-ақ, И.С. Житницкийдің оқушысы Сон Ен-Гым, С.В. Султанова және осы мектептің түлектері О.М. Гончарук, В.В. Коноплицкий. 2002 жылы мектеп «БЖОРСМ» МКҚК болып қайта құрылды. 2005 жылы «БЖОРСМ» ММ болып қайта ұйымдастырылды. Бұл жыл ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізумен және бөлімге түгелдей олимпиадалық құралдармен жабдықтаумен ерекше болды. 2009 жылы мектепті тағы да «№ 1 БЖСМ» МКҚК болып қайта ұйымдастырды. Біздің мектептің атын шығарған және осы күнге дейін атын шығарып жүргендер ҚР Чемпионаттарында, Біріншіліктерінде, ҚР Спартакиадасы мен Жастар Ойындарында жүлделі орындар иеленген Спорт шебері А. Латынина, А. Бауыржанова, спорт шеберіне үміткерлер В. Зимина, М. Броммер, А. Зимина, А. Кожахметова, Е. Марьина, Г. Демин, А. Дмитриенко, Е. Ширимов, Д. Тулепбеков, дайындаған жаттықтырушылар – В.Н. Латынина, Сон Ен-Гым, В.В. Коноплицкий.

:

 

tur_sport   logo   astana   egov
Сайт Министерства культуры и спорта Республики Казахстан   Управление физической культуры и спорта города Астаны   Сайт акимата Астаны   Электронное Правительство Республики Казахстан