ҚР Чемпионатының нәтижелері

Ү.ж. 02-07 қыркүйекте Тараз қаласында батут және акробатикалық жолда секіруден  жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өткізілді.
Жарысқа еліміздің 9 аумағынан спортшылар қатысты, Астана қаласының командасына 12 адам кірді.
Жарыс қорытындылары бойынша акробатикалық жолда секіруден финалға шығып Хасанов Дамир – ІІ орынға, Нигматуллин Артур – ІІІ орынға ие болды.   Финалда батутта синхрондық секіруден Увалиев Алибек және Келасьев Григорий қола жүлдесіне ие болды.
Қыздар арасында жас спортшымыз Сабыржан Шапағат  финалға шығып батутта синхрондық секіруден ІІІ орын алды. Барлығы медальдар саны:  күміс медаль – 1, қола – 4. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

20092017 001

20092017 002

20092017 003

Павлодардағы ҚР Чемпионаты

Ү.ж.  18 - 23 маусымда Павлодар қаласында батут және акробатикалық жолда секіруден Қазақстан Республикасының  Чемпионаты өткізілді. Жарысқа  Алматы, Шымкент, Тараз, Орал, Қарағанды, ШҚО, СҚО, Павлодар және Астана қалалар мен облыстар командалары қатысты.
Астана қаласының №1 БЖМОРСМ командасы құрамындағы спортшылар: Фатхельянов Рафаэль, Нигматуллин Артур, Хасанов Дамир, Увалиев Алибек, Келасьев Григорий, Карпов Даниэль, Дархан Тамерлан 2 күміс медаль иеленді, оның ішінде: Фатхельянов Р. батутта секіруден – ІІ орын,  командалық - ІІ орын.

10072017 001

10072017 002

Азия Чемпионаты

Үстіміздегі жылдың  24 - 27 маусым аралығында  Астана қаласының «Дәулет» спорт кешенінде көркем  гимнастикадан Азия Чемпионаты өткізілді.
Жарысқа Қытай, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан, Малайзия, Сингапур, Солтүстік Корея, Оңтүстік  Корея, Монголия, Гонконг, Филиппин және Қазақстан командалары қатысты.

Толығырақ: Азия Чемпионаты

Қазақстан Республикасының Кубогі және Чемпионаты

Спорттық гимнастикадан көпсайыстың жеке түрлерінен жылсайынғы Қазақстан Республикасының Кубогі және Чемпионаты Алматы қаласында а.ж. 26 маусым - 01 шілде  аралығында өткізілді. Келесі аумақтар командалары қатысты: Астана, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Петропавл, Шығыс-Қазақстан  облысы.
Астана қаласының №1 БЖМОРСМ командасынан  жарысқа Бауыржанова Аида, Бахтыгалиева Ольга, Шамшитдинова Аяжан, Богатырева Элена, Патанин Дмитрий, Фролов Евгений қатысты. Олар 2 -алтын, 3 -күміс, 2 -қола медаль иеленді. Аида Бауыржанова – көпсайыста (ІІІ) және бөренеде (І), Аяжан Шамшитдинова бөренеде (ІІ), Элена Богатырева  тіреліп секіруден (ІІ), Дмитрий Патанин тіреліп секіруден (І), шығыршықтан (ІІ) и Евгений Фролов тіреліп секіруден (ІІІ).

05072017 001

05072017 002

05072017 003

Нашақорлыққа жол жоқ!

2017 ж. 17 және 18 маусым күндері «Нашақорлыққа жол жоқ! Спортқа «сәлем» дейміз!» ұранымен Астана қаласының  «Арай» саябағында №1 БЖМОРСМ қызметкерлері және жаттықтырушы – оқытушылары саябаққа демалуға келген балаларға «Арқан тартыс» жарысын ұйымдастырды.
Жарысқа қатысқан балаларға сыйлықтар таратылды.

23062017 008

23062017 009

23062017 010

23062017 011

23062017 012

23062017 013

23062017 014

: